13.05.2019, 05:21
Platon.Asia

Маңызды қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарын қасиетті Түркістан жеріне барып, бабаларымыз басқан топыраққа тағзым етуден бастады. Мұның өзі түсінген жұртқа көп нәрсені аңғартқан сыңайлы. Президент осы сапарда сөйлеген сөзінде “ысырыпшылдыққа мемлекеттен кейінде тосқауыл қоюымыз қажет”, деуі елдің көбісінің көкейінде жүрген сөзді дөп басқан секілді.

Әкеге тартып ұл туады демекші, әкесі Тоқаев Кемел шытырман оқиғалы жанрдың негізін қалаушы, жазушы, майдангер, адам сырының инженері. Қазақ атамыз “Бала негізіне тартады” дегендей әкесінің адамгершілік қасиетін бойына сіңірген Қасым-Жомарт Кемелұлы әлемге танымал саяси қайраткер, ғалым.Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының негізін қалаушылардың бірі.

Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іске асырылуына ат салысқан бірегей тұлға.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңымызға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9-маусымында өткізіуі туралы шешімі өте маңызды болды. Өйткені еліміздің, болашағын айқындайтын көшбасшы - Президентті халықтың қалауымен сайлауы демократияның анық бейнесі.

 

Асқар Еңбек.

Читайте еще:
Мнение