03.05.2019, 11:04
Platon.Asia

Қазақстан Республикасының Президенттігіне 2 ші кандидат тіркелді.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды platon.asia тілшісі.

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сәді-Бек Түгел Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін; Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелге тиісті куәлік берілсін; Президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелдің «Халықтық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамына арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелуі туралы мәліметтер берілсін; бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің тіркелгені туралы хабарлама жариялансын», - делінген ҚР ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов жария еткен ОСК қаулысында. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына дауыс беріп, ол бірауыздан қабылданды.  Осыдан кейін ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке кандидат Сәді-Бек Түгелге тиісті куәлікті табыс етті.

Сәді-Бек Түгелді «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі президенттікке кандидат ретінде ұсынылған.