23.11.2021, 11:04
Platon.Asia

Журналист - мемлекет қорғауында болуы тиіс

Coda Story халықаралық аналитикалық басылымының серіктес құрылтайшысы, тәуелсіз журналист Наталья Антелава A + Analytics агенттігіне сұхбат берді.

A + Analytics: Өзіңіз туралы айтып беріңізші? Сіз BBC-де ұзақ уақыт жұмыс істедіңіз, әлемді алаңдатқан көптеген оқиға орындарынан хабар тараттыңыз.  Жұмыс тәжірибеңізбен,  әсеріңізбен бөлісе аласыз ба?

Наталья Антелава: Ия, алдымен мені шақырғаныңызға көп рахмет. Мен журналиспін, Тбилисиде туып-өстім. Мектептен соң,  АҚШ-қа студент  алмасу бағдарламасы бойынша барып, сондағы университеттердің бірінде білім алдым. Батыс Африкада жүріп, журналистикамен терең айналыса бастадым.  Сол кезде Грузияда, «Раушан төңкерісі» болып жатқан. Мен елге келгенде тура соның үстінен түстім. BBC тілшісі болдым. Сонда жұмыс істеп жүрген жерімнен Орталық Азияға ауыстыры.

Сондай-ақ, мен Әндіжан оқиғасынан кейін Ташкенттен көшірілген алғашқы тілші болдым (2005 жылы 12-13 мамырда Әндіжандағы  қала тұрғындарының  наразылығын басу шаралары ертеңінде болған. – ред.) . Ташкенттегі кеңсе жабылғаннан кейін  Алматыда екі жарым жыл тұруға мүмкіндік туды. Өзімді жолым болды деп санаймын. Мен BBC арнасына Орталық Азия туралы материалдар жаздым.  Қазір Қазақстанда тұрған жылдарымды ерекше сезіммен еске аламын. Бұл мен үшін өте жақсы кез болды.

Содан кейін  көп саяхаттадым. BBC-тағы  әртүрлі елдерде, Ливанда, Бейрутте, Үндістанда және АҚШ-та тұрдым. Содан кейін 2014-2015 жылдары болса керек, журналистикаға қалай басқаша із салуға болады?  салаға жаңашылдық енгізудің жолдары қандай?, деп көп ойлана бастадым.  Әсіресе, жаһандық журналистика, дағдарыс журналистикасына жаңа сүрлеу салғым келді.  Әріптестеріммен, осы саладағы достарыммен кеңескеннен кейін  «Coda Story» басылымын құру туралы идея пайда болды. Бұл  news room. Біз коммерциялық емес жаңалықтар ұйымы.  Біз  бүкіл әлем қызығушылық танытқан, ел елең етіп тыңдайтын  жаһандық мәселелерді көтереміз. Жаңалықтарда әр түрлі тақырыптарда жазылады. Бір сөзбен айтқанда соны  жұртшылыққа тартымды етіп беруге бар күш жігерімізді салдық. 

A + Analytics: Coda Story қалай жасалды? Неліктен дәл осы тақырып?

Наталья Антелава: Мұның бәрі BBC-де жаңалықтарда ұзақ жыл жұмыс істедім деп айттым ғой. Жалпы басқа жаққа орын ауыстырғанда сол жерге тез  бейімделуге тырасың. Бұған «Жаңалықтарда» болғанымның да көмегі  бар шығар. Мұнда да жылдам хабар таратуға жаныңды саласың.  Яғни бәрінен бұрын болуға ұмтыласың. Қиындықпен күресесің. Шынайы ақпарат алу да оңай емес екені белгілі. Бұл жалпы барлық журналистерге тән құбылыс. Бәрі солай істеуге ұмтылады.   Бірақ мені «араб көктемі» (2011 жылдың басында араб әлемінде орын алған наразылықтар мен көтерілістер толқыны. – Ред.), кезіндегі Йемендегі соғыс пен революция  қатты алаңдатты. Біз онда барып айтамыз, жазамыз. Бірақ  содан кейін дәл сол аумақта вакум пайда болғандай әсер қалдырады.  Бұл дағдарысты түсіну мүмкін емес. Уақыт өте сол оқиғалар  әлемдік деңгейде көтеріліп жатады.  

Мұндай мысалдар қазірде көптеп кездеседі. Мәселен, Coda не үшін керек? Біз не істеп жатырмыз? Жиі келтіретін мысалдардың қатарында  Ливиядағы соғыс, Барак Обаманың АҚШ президент болған кезіндегі оқиғалар, Ливияда жүріп жатқан  науқан, Каддафидің жеңіліс табуы. Осының бәрі шытырман  оқиғалар. Ол кезде мен Америкада болдым. Бұл оқиғалардың барлығы жаңалықтарда белсенді түрде талқыланнан кейін бір күннен кейін бәрі  жоғалып кетеді. Барлығы басқа нәрсеге ауысып кетеді. Ал, өткен оқиғаларды ұмыт қалдырады. Ол жайында ешкім сұрамайды, алаңдаушылық танытпайды. 
Осының бәрі сол жерде қалып, онда болып жатқан оқиғаларды қадағалап отыруға  итермеледі. Өйткені алты айдан кейін бәрі бұл туралы ұмытып кетеді. Содан кейін Ливия қайтадан Бенгазиде Америка елшісі өлтірілді, деп сол АҚШ-тың жаңалықтарына қайта оралады. Содан кейін бұл сәт осы оқиғалар арасында не болды деп ойлайсыз?

Сол арадағы кеңістік бәріне атап айтар болсақ, президенттік сайлауға да, Хиллари Клинтонның науқанына да, Дональд Трамптың сайлауына да қатты әсер етті.
Яғни, барлық мәселе осында. Біз жаңалықтар журналистикасында жиі оқиғаларды вакумда болып жатқандай сезінеміз. Coda Story дәл осы әңгімелер төңірегінде мағлұмат беру үшін жасалған.

A + Analytics: Қазақстанда Coda Story –дың  болашағы бар ма?

Наталья Антелава: Иә, әрине. Яғни, трендтерді, оқиғаларды қадағалап, оларға контекст жасау үшін біз әлі де Қазақстаннан біраз материалдар жасап жатырмыз. Біз тақырыптарды өзіміз таңдаймыз. Соның үшінде халықаралық маңызы зор ауқымды мәселелерді жазуға тырысамыз.  Қазақстанды жалпы  Орталық Азияны қамтимыз. Оның барлығы бірдей жағымды жаңалық емес. Арасында сыни материалдарда жазылып тұрады. Бұл үрдіс осылай қала береді.    

Біз жұмыс істеп жатқан тақырыптардың бірі, мысалы, авторитарлық технологиялар. Яғни, ол технология  авторитарлық топтарды т.б. алға  қарай   жылжыту үшін қолданылады. Біз жалған ақпарат, «ақылмен ойлап табылған соғыс» және т.б. тақырыптар бойынша жұмыс істейміз. Осыған байланысты кейбір оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпейді. 

A + Analytics: Coda қазір қандай ірі жобамен жұмыс істеп жатыр?

Наталья Антелава: Біз бірден бірнеше ауқымды  тақырыпты талдаймыз. Мысалы, қазір бізҚазақстанды ғана емес,  бүкіл әлемді қызықтыруы тиіс тақырыппен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, Пәкістанда биометриялық технологияны қолдану туралы мақала бойынша жұмыс жасалып жатыр.

Пәкістан қызықты мысал бола алады. Қазір ID биометриялық идентификаторлар (электрондық жеке куәліктер. - Ред.) бүкіл әлемге қолданылады. Оны әлем жұртшылығы қалыпты үрдіс ретінде қабылдайды. 

Бұл биометриялық технологияны қолдану туралы зерттеулер орыс тілінде жазылған.

Ал, Coda ағылшын тіліндегі басылым болып табылады. Бірақ биометриялық технологияларға  бүкіл әлем жұртшылығы қызығушылық танытады. Оны бәрі білгісі келеді. Материал Пәкістан туралы ғана болғанына қарамастан, біз оны  орыс тіліне аударуды жөн көрдік. Менің ойымша, өте сәтті шықты. Coda Story сайтынан оқуға болатын қызықты материалдардың бірі дер едім.

A + Analytics: Сіз қазір Тбилисиде тұрасыз. Сарапшы ретінде Грузиядағы қазіргі жағдай туралы не айта аласыз?

Наталья Антелава: Өкінішке қарай, Грузияда демократия мен демократиялық құндылықтар  жойылып, ал керісінше авторитаризм мен олигархия берік орнаған ортаға айналып барады. Ащы болса да жағдай осындай. 

Беларусь пен Ресейдегі әріптестеріммен жиі сөйлесіп тұрам.  Олардың әңгімесіне қарап, біздің жолымыз болған деп санаймын. Өйткені Грузия әлі де тәуелсіз БАҚ бар . Ал, сайлауда тараптар нағыз күресетін де осы ел болып қала береді. Бірақ  сіз билеуші команда жағында  болмасаңыз жеңіске жету қиын. Ал пікір алмасатын алаң барған сайын азайып барады. Десе де, бұл тұрғыда күрестің әлі де жалғасып жатқаны көңілге медеу.Бірақ біз  Беларусьпен немесе Қазақстанмен бір деңгейде емеспіз. Мен бірнеше жыл бұрын елестеткен елдің ауылы әлі алыс. 

А + Analytics: Қазақстанда да азаматтар арасында қақтығыстар мен түсініспеушіліктер болып тұрады.   БАҚ-та сөз бостандығы жоқ дегендер де баршылық. Осыған қатысты мемлекет басшыларына қандай  кеңес берер едіңіз?

Наталья Антелава: мемлекет журналистерге жұмыс істеуге, БАҚ үшін  барынша ашық болуға және журналистердің қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға тиіс. Мемлекет өз елінің журналистерін қорғауы керек. Өйткені, олар салауатты қоғамды құруға атсалысады. Журналистер соның белсенді буыны. 

А+ Analytics сараптама орталығы 
 

Мнение