05.11.2021, 16:38
Platon.Asia

Табыскер әріптес

2021 жылдың 24 қазанында Өзбекстан алдағы 5 жылға ел президентін сайлады. Сайлауға Ислам Каримов тұсында қызмет еткен  дәстүрлі саяси партиялар, сондай-ақ кейін құрылған жаңа партиялардың атынан 5 кандидат қатысты.  Сайлауға бұған дейін 2016 жылғы кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Миромонұлы  Мирзиёев та қытысуға ниет білдірді.

Фотография с открытых источников

Сайлау дәстүрлі Өзбекстан халқына жаңашылдық ала келді. Мұнда алғаш рет 2019 жылы ғана ресми түрде тіркелген Экологиялық партияның атынан әйел кандидаты алғаш рет тіркелді. Нақырақ  айтқанда сайлау науқаны   қазіргі президенттің мемлекетті  басқару деңгейі мен Өзбекстандағы өзгерістерді көре аламыз. Сайлау елдің болашағын айқындайтын үрдіс екендігін ондағы халық жақсы түсінеді. 

Шавкат Мирзиёев президенттігінің алғашқы бес жылы осы қысқа мерзімге қарамастан жаңа Өзбекстан тарихындағы маңызды кезеңге айналды. Мемлекет кездескен кедергілерге қарамастан даму жолына бет бұрды. Тұрақтылыққа бет алды. Мамандардың айтуынша, дегенмен оған зерттеу тұрғысынан сақтықпен қарауға болады.

Президент Шавкат Мирзиёевтің алғашқы маңызды уәдесі і 2017 жылғы мемлекеттің бесжылдық даму стратегиясында жарияланды. Стратегия бес басым бағытты қамтыды. Демократиялық реформалар жүргізу, парламенттің, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту; сот жүйесін реформалау және сот билігінің тәуелсіздігін нығайту;  экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; көршілермен қарым-қатынасты жақсартып, сындарлы сыртқы саясат жүргізу. Стратегияның ұзақ жазылған мәтініне қарамастан, онда жоспардың жетістігі мен нәтижелерін бағалаудың сапалық көрсеткіштері көрсетілмеген. Тек кейінгі оқиғалар ғана үкімет басында отырғандардың  ел ішінде атап айтқанда, қоғамның түрлі салаларында реформалар жүргізуге дайын екендігін көрсетті. Жалпы, Шавкат Мирзиеев президенттігінің бірінші кезеңінде елде болған реформалар мен өзгерістерді екі үлкен топқа бөліп қарауға  болады. Реформалардың бірінші тобы Ислам Каримовтың авторитарлық режимінен мұраға қалған экономикадағы, саяси, ақпараттық және халықаралық салалардағы шұғыл қажет ететін түйіткіл жайттарды  қамтыды. Оның көбі  Каримовтың жеке басына қатысты болды. Соның бірі марқұм президенттің қызы Гүлнәр Каримованың мәселесі. Ол 2013 жылы үйқамаққа алынып, кейін Ислам Каримовтың президент кезінде-ақ қамауға алынды. Өзгерістер мен реформалардың тағы бірқатары  – Өзбекстанның болашақ стратегиялық дамуына қатысты жаңа президенттің тәуелсіз шешімдері болып табылады.

Сонымен қатар, жүзеге асырылған реформалар мен маңызды өзгерістердің өзін екі топқа бөліп қарастырған жөн. Оның белсенді түрді іске асырылғаны және байқаусыз қалғандары да бар. 

Мүмкін, бұл сыртқа білінбеуі мүмкін. бірақ ең бастысы 2016 жылы Ислам Каримов күтпеген жерден қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанның ең ықпалды күштері арасындағы белгісіз және ашық қақтығыс қаупіне қарамастан билік бейбіт жағдайда ауысты.  Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның басшысы және көшбасшысы ретінде Рустам Иноятовтың және басқа да қауіпсіздік күштерін өзіне "көндіре" алды. Жаңа президенттің дипломатиялық және бітімгершілік қабілетінің нәтижесінде іргелес елдермен көпжылдық шекаралық, энергетикалық, су даулары шешілген кезде ондағы халықаралық қатынастардың жақсаруына әсер етті. Бұл бүкіл Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына ұзақ уақыт бойы қауіп төндірген шиеленіс деңгейін бірнеше есе азайтты.

Азаматтардың өмір сүру салты мен  жұмысын жеңілдететін шаралардың қатарына  қатарында ұлттық қауіпсіздік қызметін реформалау және қауіпсіздік күштерінің билігін шектеу; өзбек сумының «қара» курсын жою және валютаны  еркін айырбастауды енгізу; әсіресе мақта теру маусымында мәжбүрлі түрде жұмыс жасатпауға   және балалар еңбегіне тыйым салу; білім беру реформалары және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бар.. Сондай-ақ, елден  шығу визаларын алып тастауы, мемлекеттегі  экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында мәжбүрлі еңбек көші-қоны проблемасының көтерілгені де қарапайым азаматтардың көңілінен шықты. Бұған жұртшылық барынша қолдау білдірді. Тағы бір маңызды саяси өзгеріс ол  бұқаралық ақпарат құралдарына салыстырмалы түрде ғана сөз  еркіндігінің берілгенімен,  кейбір салаларды соның ішінде экономиканы сынауға шектеулі түрде сынауға ғана рұқсат берілді. Осыған қарамастан, көптеген саяси тұтқындар, журналистер мен оппозиционерлердің босатылуы да  айтулы оқиғаға айналды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде Өзбекстанның сыртқы саясаты жақсара бастады. Әлемдік көшбасшылармен, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚДБ сияқты халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас елдің ұлттық, экономикалық мүдделеріне бағдарланды. 

Осыдан бастап, Өзбекстанның алғашқы жетістіктері көзге түсіп, әлемдік деңгейде таныла бастады. Сол кезде  АҚШ, Түркия және ЕО елдерімен толыққанды байланыстарды қалпына келтіре алды. ЕҚДБ сияқты ұйымдар арасындағы өкілдер де өз жұмысын қалпына келтірді. Өзбекстан 2019 жылы The Economist журналының нұсқасы бойынша жыл елі атанды. Өйткені «бірде-бір ел бұлай тез алға жылжыған жоқ» деген анықтама берді. Өзбекстан туралы оң пікірлер иен республика жетістіктері қазақстандықтардың  көрші мемлекетке  қызығушылығын арттырып отыр. Бірақ бауырлас елдің жетістіктеріне  қолдау көрсетумен қатар, Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде кейбір блогерлер мен журналистер Қазақстанның Орталық Азиядағы үстемдігі  аяқталды. Енді  «Өзбекстанға барып жұмыс істейтін уақыт келді» деген дақпырт жазбалар да пайда бола бастады.  Бірақ бір нәрсе анық, Өзбекстанның  сыртқы саясаты қазірдің өзінде Қазақстанның шешімдеріне белсенді түрде әсер етіп жатыр. Мәселен, Өзбекстан  атом электр станциясын  салу туралы жобаны қабылдағаннан кейін, Қазақстан да дәл осыны қозғай бастады.  Сонымен қатар, Орталық Азия Шавкат Мирзиёевтің сыртқы саясатының басты басымдығы ретінде әлемдік державаларға қысым мен тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстанға да Орталық Азия жобалары мен Нұр-Сұлтанда қабылданған шешімдерді қорғауға көмектесе алады.

Бүгінгі таңда Өзбекстанның қазіргі басшысы халықаралық қауымдастық пен жергілікті халық тарапынан  үлкен сенімге ие. Екі жақ та ол стратегиялық және жүйелік өзгерістерді тереңдете түседі, деп күтеді. 

Оның туыстық байланыстар күшейіп кетті деген сынға қарамастан, Шавкат Мирзиёевтің алғашқы президенттік мерзіміндегі іскерлік байланыстар елге табыс әкелгені анық. Айта кету керек, Қазақстанға  бәсекелес емес, табыскер әріптес керек. Оның жетістігіне  Өзбекстан халқы ғана емес, Қазақстан да мақтана алады.

 

A+ Analytics

Мнение